Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 15 күнге қамауға алынды

942

Нұрасыл Болат бастықтың бұйрығына бағынбағаны және орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 15 күнге қамауға алынды Фото: instagram.com

Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 15 күнге қамауға алу туралы үкім шығарды, деп жазады inbusiness.kz.

Сот 2023 жылғы 2 шілдеде әскери бөлімнің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Б. Алматы гарнизонының гауптвахтасынан шыққаннан кейін командирдің бұйрығына сәйкес өзінің әскери бөліміне өтуге міндетті болғанын анықтады.

Алайда, ол лейтенант А. жеткізген бөлім командирінің осы бұйрығын орындаудан ашық түрде бас тартты және әскери полиция кеңсесінің ғимараты маңында тұрған көлікпен белгісіз бағытта қашып кеткен.

Сот отырысында Б. іс материалдарында баяндалған фактілерді растады.

Қатардағы жауынгер ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу