Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бас бостандығынан айырылды

388

Енді ол 1,5 жылын орташа режимдегі түрмеде өткізеді.

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бас бостандығынан айырылды Фото: коллаж inbusiness.kz

Алматыда Нұрасыл Болатқа қатысты іс қаралды. Дәулет Тұрлыхановтың ұлының шартты жазасы нақты жазаға ауыстырылды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Сот оның қалған бас бостандығын шектеу мерзімін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы үкім шығарды. Енді ол 1,5 жылын орташа режимдегі колонияда өткізеді. 

Айта кетейік, 2023 жылы ақпан айында Нұрасыл Болат заңгер Анна Димитриевич пен күйеуі Олег Чернов екеуін соққыға жыққан. Көп ұзамай оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Кейін Жоғарғы сот оған бас бостандығын шектеу жазасын берді. Алайда жақында ғана депутаттың ұлының түнгі уақытта көшеде, кейіннен тойда жүрген видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу