Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған турнир аяқталды

992

Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған турнир аяқталды

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында грек-рим күресінен 2001-2003 жылғы жасөспірімдер арасында Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған дәстүрлі XIX республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды sport.inform.kz.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 259 қатысушы үш күн бойы өзара мықтыны анықтады. 48 келі салмақтағы чемпион Дәулет Әшірxанов өз қарсыласын Мақсат Ермановты тізе бүктіріп, бұл тапсырманы керемет орындап шықты. Осы салмақ санатында сәйкесінше қола жүлдесін Жасұлан Шармақов қанағат тұтты.

Айта кетер жайт, балуандар UWW ережесіне сәйкес 10 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасты.

Байрақты бәсекенің нәтижелері бойынша жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық мектеп-интернат тәрбиеленушілері иеленді. Олар екі алтын және бір күміс жүлделерін олжалады. Ал екінші орынды ОҚО балуандары алса, үздік үштікті Солтүстік Қазақстан облысының спортшылары қорытындылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу