Мемлекет басшысының Өкімдерімен Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
"Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Дәулетбек Қайырбекұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі қызметіне; Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды",– делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу