Даулы компаниялар мен бір күндік фирмалар енді сатып алуға қатыспайды

605

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Даулы компаниялар мен бір күндік фирмалар енді сатып алуға қатыспайды

"Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету шеңберінде Қаржы министрлігі деңгейінде бірыңғай апелляциялық орган құрылды. Бұл проблемалық мәселелерді жоғары деңгейде жедел және жүйелі шешуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласында тұтастай бірыңғай тәжірибе құруға мүмкіндік береді", – деді спикер. 

Қаржы вице-министрінің айтуынша, бұдан басқа, шешімдер қабылдаудың айқындығы, тәуелсіздігі және бейтараптығы қамтамасыз етіледі. Өтінім берушінің қаржылық орнықтылығы бойынша біліктілік талабы енгізілді, ол мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде 4 талап - кірістер, салықтар, негізгі құралдар, еңбекке ақы төлеу қоры бойынша автоматты түрде айқындалады.

"Қаржылық тұрақтылық" ұғымын енгізу тиісті салық жүктемесі, сондай-ақ жеткілікті материалдық және еңбек ресурстары бар, беделі жақсы компаниялардың сатып алуға қатысуын қамтамасыз етті. Осылайша, даулы компаниялар мен бір күндік фирмалар енді сатып алуларға қатыспайды", - деп түйіндеді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу