Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев төтенше жағдай кезінде оқушыларға арналған онлайн-сабақтарды жүргізудің тәртібін түсіндірді.
"Елімізде қашықтан оқыту процесін бастауға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс тобы құрылды. Әлем елдерінің қашықтан оқыту тәжірибелері зерделенді... Ұсыныстарды ескере отырып, өз концепциямызды айқындадық. Негізгі контент ретінде телевизиялық сабақтар дайын цифрлық ресурстарда ұсынылады. Телевидениеге 2000-нан астам сабақ түсірілетін болады. Қазіргі таңда 200-ге жуығы дайын. Бір айтып өтетін жағдай, бұл ресурстардың барлығы педагог пен оқушыға қосымша саналады. Негізгі қашықтан оқу процесі мектептегі жасалған сабақ кестесіне сәйкес өтетін болады. Сабақтың ұзақтығы 30 минутты құрайтын болады. Оқушы, мұғалім, ата-ана кері байланысты күнделікті білім алатын мектеп жүйелері арқылы орнататын болады. Барлық методикалық нұсқаулықтар дайын", – деді министр.
Есжан Ботақара