Дәурен Абаев әдебиет саласындағы жаңа жобалар туралы айтты

673

2023 жылдан бастап қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін арнайы Президенттік әдеби сыйлық тағайындалады. 

Дәурен Абаев әдебиет саласындағы жаңа жобалар туралы айтты

Енді 18 жастан 29 жасқа дейінгі авторлар жоғары марапатқа ие бола алады. Бұл туралы Павлодар облысында халықпен кездесу барысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сондай-ақ министр жас әдебиетшілерді қолдау саласында жүзеге асырылып жатқан басқа да жобалар туралы айтып берді.

"Біз "Жаңа қазақ әдебиеті" атты жаңа жобаны қолға алдық, оның аясында дарынды жас авторлардың кітаптары 3 мың дана таралыммен басып шығарылады. Бұл жұмыс жас ұрпақтың жаңаша ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі, олардың шығармашылық көңіл-күйі мен инновациялық идеяларын қолдайды. Сонымен қатар қазір жалпы жүлде қоры 35 млн теңгені құрайтын "Айбоз" тұңғыш ұлттық әдеби сыйлығына өтінімдер қабылдау жүріп жатыр. Осылайша, біз әдебиетімізге жаңа туындылардың қосылуына ықпал етіп, қаламагерлер мен баспагерлерді қолдаудың жаңа тетіктерін қалыптастырамыз", – деді Дәурен Абаев.

 

 

ҚР МСМ баспасөз қызметі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу