Дәурен Абаев: Бізге сенбесеңіздер италиялықтардан сұраңыздар

937

"Адамдарда COVID-19 вирусына қарсы ешқандай иммунитет жоқ".

Дәурен Абаев: Бізге сенбесеңіздер италиялықтардан сұраңыздар Фото: Максим Морозов

Коронавирус типіндегі індет ең алғаш 1965 жылы бегілі болғанымен, бүгінгі COVID-19 вирусындай қауіпті болмаған. Сондықтан оның қаупін елемеу үлкен өкінішке әкелуі мүмкін. Тікелей эфир арқылы кезекті онлайн-брифинг өткізген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осындай іпкір айтты.

"Бізден бір ақпаратқа қатысты комментарий беруді сұрап жатыр. Қазір "коронавирус ешқандай жаңа ауру емес, ол 1965 жылы анықталған және адамдардың 70 процентінде оған қарсы иммунитет бар" деген ақпарат таралуда. Бұл жерде ескеретін мәселе бар. Дәрігерлер мен мамандар мені толықтырады деп ойлаймын. Коронавирус ол – вирус тұқымдасы. Оған 40-тан астам вирус кіреді. Шынында да 1965 жылы осындай вирустың алғашқы түрі табылған. Бірақ ол COVID-19 емес. Сондықтан қазір коронавирустен қорықпай, жұмысқа, көшеге шығуға болады деп айту – іріткі салу. Адамдарда COVID-19 вирусына қарсы ешқандай иммунитет жоқ. Сенбесеңіздер, Италия тұрғындарынан сұрауға болады деп ойлаймын. Сондықтан санитарлық талаптарды сақтап, үйде отыру керек", – деді Дәурен Абаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу