Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қандай тауарларды экспорттауға болмайтынын түсіндірді.
"Ауыл шаруашылығы министрлігі 22 наурыздан бері қарақұмық, бидай ұны мен бидай-сұлы ұнын, қант, картоп, сәбіз, шалқан, қызылша, сарымсақ, орамжапырақ, күнбағыс майы, күнбағыс тұқы сияқты өнімдерді үшінші елдерге экспорттауға тыйым салды. Аталған тауардың бәрі әлеуметтік маңызға ие өнімдердің қатарына кіреді. Қазақстан бойынша мұндай тауарлардың құрамына 19 аталым кіреді. Қазір аталмыш тізбедегі тауарлармен қамту деңгейі өте жоғары. Ағымдағы тұтыну қарқынымен есептегенде қолдағы қор 6 айға дейін жеткілікті. Ел ішіндегі тауарлар өндірісі тоқтаған жоқ. Осылайша қор толығып жатыр. Ішкі нарықта тауар тапшылығы жоқ және ондайды күтіп оытрған жоқпыз", – деді Дәурен Абаев.