Дәурен Абаев Елбасының денсаулығына қатысты қауесетке нүкте қойды

795

Бұл  туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Ашық диалог" бағдарламасында айтты.  

Дәурен Абаев Елбасының денсаулығына қатысты қауесетке нүкте қойды

Дәурен Абаев Елбасының денсаулығына қатысты қауесетке нүкте қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгінгі таңда ел тағдыры туралы сөз қозғасақ ондағы Елбасының жаңа рөлін түсінуіміз керек. Ол Қауіпсіздің кеңесі мен Nur Otan партиясындағы жұмысымен саясаттағы белсенді жұмысын жалғастырып келеді. Алайда 2019 жылдың 19 наурызында ол Президент өкілеттігін тоқтатты. Халық жаңа Мемлекет басшысын сайлады. Иә, қазір біз салмақты тегеуріндермен бетпе-бет келіп тұрмыз. Өз өкілеттігіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі күрделі жағдайларға төтеп беру стратегиясын айқындады. Ал бұлай болмаса басқа қалай болуы тиіс? Елбасы мұндайда күн сайын жаңа мәлімдеме жасауы керек пе? Ол өз мәртебесіне қарамастан мұндайға жол бере қоймайтын дана саясаткер", –  деді Дәурен Абаев.

Министр сонымен қатар Елбасының денсаулығына қатысты сыбыстардан да хабардар екенін білдірді.

"Бұл ретте есіме осыдан 10 жыл бұрын, яғни Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалған кездегі бір оқиға есіме түсіп отыр. Интернет сайттардың бірінде Елбасының ауыр науқас екені туралы жаңалық жарыққа шықты. Бұл ақпаратқа таңғалдым. Себебі сол күні Президенттің төрағалығымен отырыстардың біріне қатысқан едім. Кешке қарай шыдамай кетіп, Нұрсұлтан Әбішұлына оқыған жаңалығым туралы айттым. Сол кезде ол маған: "Менің қасымда қызметіңді енді бастап жатырсың. Бір дүние есіңде болсын: балақтың шаңын қаға берсең баратын жерге уақытында жете алмайсың. Ондай әңгімні тілеулес жұрт уайымдап айтса, мысықтілеу адамдар әдейі айтады. Оның бәрін тыңдай берсең, жұмысты кім істейді?" деді. Сондықтан осындай әр сөзге көңіл бөле бермейік", – деді Дәурен Абаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу