Дәурен Абаев "Еуразия" кинофестивалі төңірегіндегі даулы сұрақтарға жауап берді

507

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев өткен фестивальге жұмсалған шығын 900 миллион теңге екенін, биыл министрлік шығынды екі есе қысқартқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Дәурен Абаев "Еуразия" кинофестивалі төңірегіндегі даулы сұрақтарға жауап берді Фото: aikyn.kz

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев министрлікке БАҚ өкілдерінен 450 миллион теңгеге "Еуразия" кинофестивалін өткізуге байланысты сұрақтар түсе бастағанын айтты.

"Алдыңғы фестиваль 900 миллионға өтті, яғни біз шығынды екі есе қысқарттық. Сонымен қатар фестивальдің жүйелі түрде өткізілмеуі кинопродюсерлердің халықаралық қауымдастықтың аккредитациясынан айырылуымен байланысты", - деп жазды министр әлеуметтік парақшасында.

Министр мәдениетті қалдық негізінде қаржыландыруға қарсы екенін айтты. Дәурен Абаев елде көптеген мәселе бар екеніне келіседі. Бірақ бұл "адамдар ойлағаннан да көп пайда әкелетін ірі мәдени іс-шараларды өткізу қажет екенін жоққа шығармайды" - деді ол.

22 қарашада Мәдениет және спорт министрлігі ашық конкурссыз "Techservice OKNO-TV.KZ" ЖШС-мен "Еуразия" кинофестивалін ұйымдастыру туралы келісімге қол қойды. Бұл жаңалық қоғамда кең талқыға түскені белгілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу