Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады.
"Ардақты ағайын! Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Ұлыстың Ұлы күні отбасыларыңызға береке, елімізге ырыс пен ынтымақ, жақсылық әкелсін! Ақ мол, жыл жемісті болсын!", – дейді министр.
Айта кетейік, биыл Қазақстан халқы Наурыз мерекесіне орай бес күн демалады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу