Дәурен Абаев қазақ тілді сайттардың қаралымын көбейтудің жолын айтты

704

Дәурен Абаев қазақ тілді сайттардың қаралымын көбейтудің жолын айтты

Парламенттің жоғарғы палатасының бүгінгі отырысында сенаторлар ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев ұсынған БАҚ-қа қатысты жаңа құжатты – "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екі оқылымда қарап, қабылдады, деп хабарлайды abctv.kz.
"Қазақ тілді және орыс тілді БАҚ елімізде екі түрлі, екі бөлек дамып жатыр деп айтуға болмайды. Өйткені біздің соңғы зерттеулеріміз көрсеткендей, қазақ тілді ақпарат құралдары керісінше, әлдеқайда жақсы дамуда. Бір мысал келтірейін, ел үкіметі биыл "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын қолға алып, жүзеге асыруға кірістік. Бұл – елбасының тікелей тапсырмасы болып табылады. Оның аясында мыңдаған ауылдық жерлер жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз еткеннен кейін оларда тұратын 2 миллионға жуық азамат біздің ақпарат құралдарын интернеттен оқып, көре алатын болады және де ауылдағы сол 2 миллион қандастарымыздың барлығы дерлік, 90 пайызы қазақ тілді. Ендеше олардың бәрі қазақ тілді сайт оқырмандарының қатарын көбейтеді деп күтудеміз", – деп жауап берді министр талқылау барысында қойылған сұраққа.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу