22 қыркүйекте футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Беларусь командасын жеңіп, Ұлттар лигасында жеңіске жетті. Ойын 2:1 есебімен аяқталды. Ұлттық құрама Қазақстан тарихында тұңғыш рет Беларусь құрамасын жеңіп, В дивизионына шықты, деп жазады inbusiness.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Осынау тарихи жеңіске байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Фейсбук парақшасында Ұлттық құрама ойыншыларын құттықтады.
"Тегеурінді дайындық, теңдессіз нәтиже! Бұл – шын мәнінде Қазақстан футболының жаңа дәуірі. Алға, жігіттер!", – деп жазды министр.
Айта кетейік, 25 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Бакуде Әзербайжан құрамасымен ойнайды.