Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды

1256

Бұл туралы inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Дәурен Абаев Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалды Фото: akorda.kz

Бұған дейін ол ТМД Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған.  

Осы уақытқа дейін дейін ол тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы, президент әкімшілігі басшысының орынбасары, ақпарат министрі, мәдениет және спорт министрі қызметтерін атқарған. 

Дәурен Абаев 1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. 

Білімі:

2001 ж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірді.

2006 ж. –  Лейден университетін тәмамдады.

2014 ж. – Еуразия гуманитарлық  институтын бітірді.

Еңбек жолы:

2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.  

2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.

2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.

2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.

2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында — Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары.  

2009 жылдың қазанынан — Қазақстан президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011-2016 жылғы 6 мамырға дейін Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі қызметін атқарды.  

2016 жылдың мамыры мен 2019 жылдың ақпан аралығында – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі.

2019 жылдың 25 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

2020 жылдың  4 мамырынан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.   

2022 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы 4 қаңтарда ол Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды.

2023 жылдың 2 наурызында ТМД Бас хатшысының орынбасары болып тағайындалды.

Басқа да қызметтері:

2017 жылдың 17 сәуірінен – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы қоғамдық сананы жағырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі.

2019 жылдың 5 қазанынан бастап - "Qazaq kuresi" федерациясы президенті.

Мемлекеттік наградалары: "Құрмет" ордені.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу