Дәурен Абаев коронавирустан емделгендер туралы ақпаратты рұқсатсыз таратпауға шақырды

1146

Вирустан жазылған екі азаматтың қалай емделгені туралы мәліметті дәрігерлер беретін болды.

Дәурен Абаев коронавирустан емделгендер туралы ақпаратты рұқсатсыз таратпауға шақырды Фото: Максим Морозов

"Хабар-24" арнасы арқылы БАҚ өкілдерінің сауалына тікелей эфирде жауап берген Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев коронавирустан жазылған азамттарға қатысты ақапарт таратудың тәртібін еске салды.

"Кеше айтқанымыздай, екі емделуші коронавирустан жазылып шықты.Олардың бірі Алматы, екіншісі Нұр-Сұлтан қаласында емделді.  Денсаулық сақтау министрлігінің хабары бойынша, кеше БАҚ өкілдері осы адамдар туралы өте көп сұрақ қойып, жиі хабарласқан екен. Сондықтан, тағы да біз еске саламыз. Ешкім коронавируспен ауырған адам ретінде аты шыққанын қаламайтын шығар. Сіздер сол адамның орнына өздеріңізді қойып көріңіздер. Олардың барлығы өз азаматтарымыз. Өзіне қатысты жеке мәліметті жарияламауға құқығы бар. Біз оны сыйлауымыз керек. Егер ол адамдар туралы қандай да бір ақпарат тапсаңыздар, ол кісілердің жазбаша рұқсатынсыз ешкімге бермеуді сұраймыз. Оларды емдеу процесі туралы журналистерге дәрігерлер айтып береді. Бір ұйымдастыруға дайынбыз", – деді Дәурен Абаев.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу