Дәурен Абаев: Несиені шегерту үшін өтініш жазудың қажеті жоқ

1124

3 айлық шегеру ресми тіркелген жұмыссыздарға беріледі. 

Дәурен Абаев: Несиені шегерту үшін өтініш жазудың қажеті жоқ

Әлеуметтің әлсіз топтары мен атаулы әлеуметтік көмек алушылар, ресми тіркелген жұмыссыздар несиесін 3 айға шегерту үшін банктерге өтініш жазбаса да болады. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осындай мәлімет айтты.

"Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттіктің қаулысы күшіне енгенін тағы да атап өткіміз келеді. Атап айтқанда, жеке ұлғалар үшін банк және  микрокредит төлемдерінің мерзімі 3 айға шегерілді. Бұл ретте айыппұл мен өсім болмайды. Бұл шегеру  халықтың әлеуметтік осал топтарына, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, ресми тіркелген жұмыссыздарға беріледі. Оған ешқандай тексеру жүргізу, дәлелдеу немесе өтініш  берудің керегі жоқ. Сонымен қатар, осындай көмек төтенше жағдай салдарынан табысынан айрылған кәсіпкерлерге де көрсетіледі", – деді веомство басшысы кезекті тікелей эфирде. 

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу