Дәурен Абаев оразаға қатысты мәлімдеме жасады

1174

Діни бірлестіктерге мерекелік діни рәсімдерді онлайн өткізу ұсынылды.

Дәурен Абаев оразаға қатысты мәлімдеме жасады Фото: liter.kz

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев осы айда басталатын мұсылмандардың оразасы, православтық және католиктік пасха, яһудилік песах және тағы басқа діни мерекелерді өткізуге уақытша тыйым салынатынын мәлім етті.

"Сәуір айында біз үшін маңызды бірқатар мейрам келе жатыр. Олар – ораза, православтық және католиктік пасха, яһудилік песах және тағы да басқалары. Сөзсіз олардың барлығының маңызы бар. Дін ұстанушы азаматтарымыздың сеніміне зор құрметпен қараймыз. Алайда коронавирус індеті барлық адамның денсаулығына, өміріне қауіп төндіруде. Көптеген мемлекеттер бұрын-соңды болмаған шектеулер енгізуде. Вирус таралмауы үшін адамдар жиналатын барлық шараларға, оның ішінде діни шараларға да уақытша тыйым салынады. Себебі, бұл діни шаралар кезінде адамдар ғибадат орындарына барып, достарымен, жақындарымен жиналады. Бірге мазар басына барады, әр түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар болады. Қазіргі күрделі заманда адамның денсаулығы мен амандығы маңызды. Ешқандай дін адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргенді мақұлдамайды. Осы ретте, барлық діни және этно-мәдени ұйымдардың басшылары мен азаматтарды түсіністік танытуға шақырамыз. Діни мейрам кезінде карантин режимін сақтауды сұраймыз. Діни бірлестіктерге мерекелік діни рәсімдерді онлайн өткізуді ұсынамыз", – деді Дәурен Абаев.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу