Министр қатаң антиковид шектеулері жағдайында өтіп жатқан емдеу-жаттығуларға байланысты спортшылармен онлайн-байланыс режимінде сөйлесті.
"Сіздердің спорттық жетістіктеріңіз, жеңіске деген ерік-жігерлеріңіз – спорттың биік шыңы. Сіздер – біздің мақтанышымызсыздар. Бүкіл ел сіздерге жанкүйер болады. Алдағы жарыста сәттілік серік болсын!", – деп атап өтті Дәурен Абаев.
Ұлттық құрама атынан Василий Коломиец сөз сөйледі.
Еске салайық, Бейжің-2022 XIII Қысқы Паралимпиада 2022 жылдың 4-13 наурызы аралығында өтеді.