Дәурен Абаев: Полиция көшеде тергесе, түсіністік танытыңыз

906

Полицияға жұмысқа бара жатқаныңызды дәлелдеу керек болады.

Дәурен Абаев: Полиция көшеде тергесе, түсіністік танытыңыз Фото: Максим Морозов

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев күшейтілген карантиндік шаралар кезінде полицияның бақылауы күшейетінін айтты.

"БАҚ-тан түсіп жатқан сұрақтардың көпшілігі көшеде жүру талаптарына қатысты болды. Осы орайда қоғамдық көлікке, такси, тамақ жеткізу қызмкеткерлеріне санитарлық талаптарды сақтау үшін циркуляр жасалады. Кеше айтылғандай, бүгін түнгі сағат 0.00-ден бастап үйден шығуға шектеу қойылады. Үйден тек азық-түлік, дәрі алуға немес жұмысқа бару үшін шығуға болады. Сонымен бірге 30 наурыздан бастап мекемелердің басым бөлігі жұмысын тоқтатады. Көшеде полиция қызметкерлері тоқтатып қайда бара жатқандырңызды сұраса, оған түсіністік танытып, жауап беру керек. Жұмысқа шақырғанды растау үшін сізде тікелей басшының немесе кадр бөлімі қызметкерінің телефон нөмірі болғаны жөн. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар әдетте тұрғын үйлерге жақын орналасады. Сондықтан полиция қызметкерлері тұрғындарың қажетті заттарын сатып алып үйге қайтақанын бақылауы мүмкін. Оған да түсіністік таныту қажет", – деді министр тікелей эфир арқылы өткен брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу