Дәурен Абаев тегін азық-түлік кімдерге берілетінін айтты

2362

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің айтуынша, көмек алатындар 4 санатқа бөлінеді.

Дәурен Абаев тегін азық-түлік кімдерге берілетінін айтты

"Бірінші санаттағылар – АӘК алатын жағдайы төмен отбасындағы жасы 6 мен 12 аралығындағы балалар. 2,3,4 санаттағылар – бұл карантиндік аймақта тұрып жатқан АӘК алатын кәмелеттік жасқа толған отбасы мүшелері, олардың қатарында көпбалалылар бар, сонымен қатар бірінші және екінші топтардағы барлық жастағы мүгедектер, мүгедек балалар мен оларды бағатын ата-аналары", – деді Абаев. 

"Қазір әр түрлі месенджерлерде 109 нөміріне хабарласып, азық-түлікке тапсырыс беруге болады деген хабар тарап жатыр. Бұл жалған ақпарат. Оны жасаған адамдар заңға сәйкес жазаланады", – деп айтты Абаев. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу