Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды

486

Ақпаратты ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі растады, деп жазады inbusiness.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Дәурен Абаев ТМД Бас хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды Фото: primeminister.kz

"Біз Қазақстан Республикасының СІМ-нен Жұмаханов Бекетжан Махатжанұлының орнына Дәурен Әскербекұлы Абаев келетіні туралы тиісті нота алдық. Ол ТМД Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарады. Ол 7 наурызда келеді. Оның тәжірибесі ТМД-ның Атқару комитетінде сұранысқа ие болады деген сенеміз", - деп жауап берді ТМД Атқару Комитеті.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында туған.

Еңбек жолында ҚР Сыртқы істер министрлігінде референт, атташе, үшінші хатшы (2001-2003);

Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы Елшілігінде үшінші хатшы (2003);

Нидерланды Корольдігіндегі ҚР істері бойынша уақытша сенімді өкілі, екінші хатшы (2003-2007);

ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде бөлім бастығы (2007);

ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты (2007-2008);

ҚР Президентінің баспасөз хатшысының орынбасары (2008-2009);

ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2009);

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі (2011-2016);

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі (2016-2019).

2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі (25.02.2019-04.05.2020);

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары (04.05.2020-11.01.2021);

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі (11.01.2022-04.01.2023).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу