Дәурен Абаев жаңа әліпбиден дәйекшенің не үшін алынғанын түсіндірді

930

Дәурен Абаев жаңа әліпбиден дәйекшенің не үшін алынғанын түсіндірді

ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев үкімет отырысында латын графикасындағы қазақ әліпбиінен не үшін апострофтың алынғанын түсіндірді, деп хабарлайды Today.kz.
"Осы бағытта жұмыс істеген мамандардың көкейінде сұрақ туды. Апостроф дегеніміз - арнайы белгі, ажыратушы. Бұл іздеу жүйелерін, алгоритмдерді қиындатады. Мемлекет басшысы мамандардың, соның ішінде IT саласы мамандарының пікірін тыңдады. Бұл Президенттің маңызды стратегиялық шешім шығарарда қоғам пікіріне құлақ асатынын дәлелдейді. Әліпбидің қазіргі нұсқасы барынша тиімді", - деді министр. 
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын графикасындағы қазақ әліпбиіне өзгеріс енгізді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу