Қазақстандық ММА файтері Дәурен Ермеков орта салмақта Gorilla Fighting Championship лигасының уақытша чемпионы титулын жеңіп алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақ спортшының ресейлік Артур Гусейновқа қарсы жекпе-жегі Алматыда өткен GFC 23 турнирінің басты кездесуі болды.
Ермеков о баста бұл кездесуде басым болады деп есептелген, дегенмен, ресейлік спортшы айтарлықтай қарсылық көрсетті. Үш раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бір ауыздан Ермековке берді – 30:28.
Еске салайық, Алматыда өткен турнирдің құрметті қонағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу