Дауылда қаза тапқан ақсулық әйелдің отбасына мемлекеттен көмек көрсетілді

659

Ақсу қаласының № 19 балабақшасында хореограф болып еңбек еткен марқұм Марина Валерьевна Пахомова, тірі болса, 57 жасқа толар еді.  

Дауылда қаза тапқан ақсулық әйелдің отбасына мемлекеттен көмек көрсетілді Фото: Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасымен дауыл кезінде қаза тапқан марқұмның отбасына қаржылай қолдау көрсетілді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

  • еңбек өтіліне байланысты өтемақы;

  • БЖЗҚ-дан жерлеу рәсіміне бөлінген қаражат;

  • жерлеу мен ас беру шараларын ұйымдастыруға қосымша қаржы.

Жиналған қаражат ескерткіш тас сатып алуға да жұмсалмақ. Ұйымдастыру жұмыстарына волонтерлер атсалысып жатыр. Жаназаға келген туған-туыстарын тасымалдау үшін автобус бөлінді.

Бұған қоса, марқұмның несиелері толық өтеледі. 2025–2026 жылдары оның тұрған пәтерінің жылу және су коммуналдық қызметтері де облыс бюджетінен төленетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу