Сот отырысында айыпталушы Бишімбаевтың адвокаты Құсайынова куәгерге дауысын көтерді. Судья қорғаушы Назкен Құсайыноваға ескерту жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қорғаушы, дауысыңызды бәсеңдетіңіз. Сіз процестің барлық қатысушыларына құрметпен қарауыңыз керек. Куәгер басқалар сияқты процеске қатысушы. Процеске қатысушыларды құрметтемеу сотты құрметтемеу ретінде бағаланады", - деді судья Айжан Құлбаева.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу