Давид Дегтярев - IV Азия пара ойындарының чемпионы

377

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Давид Дегтярев -  IV Азия пара ойындарының чемпионы Фото: Туризм және спорт министрлігі

Пара пауэрлифтер Давид Дегтярев Азия пара ойындарында алғашқы алтын медальді жеңіп алды. 54 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп бастаған ол 187 кг көтерді.

Екінші орынды қытайлық Янг Цзинланг  алды, ал үшінші орынды вьетнамдық спортшы Ан Нгуйен Бинх иеленді, ол да 184 кг көтерді.

"Керемет нәтиже! Давидті осынау маңызды жеңісімен құттықтаймын! Бұл оның  соңғы жетістігі емес екеніне сенімдімін", - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу