Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус "Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) өкілдерімен денсаулық сақтау мәселелерін талқылау үшін Ауғанстанға барды, деп хабарлайды Inbusiness.kz TOLO News телеарнасына сілтеме жасап.
Кабулдағы кездесуде Дүниежүзілік банктың Ауғанстанның денсаулық сақтау секторына көрсетілетін көмекті тоқтатып тастауы сөз етіледі. ДДҰ басшысы тәліптермен секторды қаржыландыруды жандандыру мүмкіндігіне қатысты келіссөздер жүргізеді.
Тамыз айының соңында ДДСҰ-ның Ауғанстандағы өкілі Ахмед Әл-Мандхари Ауғанстандағы медициналық мекемелерде дәрі-дәрмектердің таусылып жатқанын айтқан еді. Ол ішкі көші-қон мен тәртіпсіздіктер індеттің өршуіне әкеліп соғуы мүмкін екенін мәлім етті.
Бұған дейін БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш ауған экономикасының құлдырауына жол бермеу және гуманитарлық көмектің тоқтап қалмауын болдырмас үшін "Талибанға" қарсы санкциялардың бірқатарын жеңілдетуді ұсынған еді. Ол БҰҰ мен халықаралық қоғамдастықтың негізгі міндеті Ауғанстандағы гуманитарлық жағдайдың ушығуын болдырмау екенін атап өтті.
Табиғат Нұрболат