ДДСҰ: 48 елде маймыл шешегін 3,2 мыңнан астам адам жұқтырды

870

World Health Network (WHN) коалициясы маймыл шешегін пандемия деп жариялады.

ДДСҰ: 48 елде маймыл шешегін 3,2 мыңнан астам адам жұқтырды

2022 жылдың басынан бері әлемнің 48 елінде маймыл шешегін жұқтырудың 3,2 мыңнан астам фактісі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесустың мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Осыдан алты апта бұрын ДДСҰ Ұлыбританиядан тыс жерлерге сапар шекпеген адамдар арасында маймыл шешегін жұқтырудың үш фактісінің кластері туралы хабарлама алды. Содан бері ДДСҰ-ға 48 елде 3,2 мыңнан астам адамның маймыл шешегін жұқтырып, бір адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті", – деді ұйымның директоры.

Тедрос Аданом Гебрейюс барлық елдерді анықталған инфекциялар туралы мәліметті ДДСҰ-ға жіберуге шақырды. Ол науқастармен байланыста болғандарды бақылау және  инфекцияның таралуын болдырмау үшін шара қабылдау қажет екенін атап өтті.

Ескере кететін жайт, World Health Network (WHN) коалициясы маймыл iешегін пандемия деп жариялады. Енді ұйым өкілдері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын да бұл ауруды пандемия деп бекітуге шақырды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу