Әлемде коронавирус жұқтыру бір аптада 10%-ға азайды

459

3-9 қазан аралығында 2,9 миллионға жуық адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 9 мыңнан астамы қайтыс болды.

Әлемде коронавирус жұқтыру бір аптада 10%-ға азайды Фото: Misha Friedman

Індетті жұқтыру жағдайлары алдыңғы аптамен салыстырғанда 10%-ға, ал өлім-жітім 1%-ға төмендеді, деп хабарлады Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы.

Африкада (41%-ға), Оңтүстік-Шығыс Азияда (минус 25%-ға) және Батыс Тынық мұхитында (21%-ға) ауруды жұқтыру санының айтарлықтай төмендеуі байқалды. Еуропада індеттің таралуы 3%-ға, Америкада 10%-ға төмендеген. Өлім-жітім көрсеткіші Африкада (53%-ға), Оңтүстік-Шығыс Азияда (23%-ға) және Еуропада (12%-ға) азайып отыр. Бірақ бұл көрсеткіш Америкада (11%-ға) және Батыс Тынық мұхиты аймағында (1%-ға) өсті.

Індетті жұқтыру көрсеткіші бойынша осы аптада Германия көш бастады – 508 749 жағдай. Одан кейін Қытай (333 830), Франция (323 787), АҚШ (283 220) пен Италия (280 947). Ал инфекциядан қайтқандар саны бойынша АҚШ бірінші орында – 2 817 жағдай. Келесі кезекте Бразилия (767), Ресей (731), Жапония (567) және Қытай (412).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу