ДДСҰ басшысы пандемия әлі аяқталған жоқ деп мәлімдеді

771

Табысы төмен елдердің 1 миллиардқа жуық тұрғыны әлі күнге дейін вакцина алмаған.

ДДСҰ басшысы пандемия әлі аяқталған жоқ деп мәлімдеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Женевада өткен 75-ші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында бірқатар мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Тедрос Адханом Гебрейюс коронавирустық пандемия дертке шалдыққандар санының азаюына қарамастан әлі басылған жоқ деп айтты.  

"Тестілеуден және секвендеуден бас тарту вирустың эволюциясын байқап жатпағанымызды білдіреді", – деді ДДСҰ басшысы.

Сондай-ақ ол табысы төмен елдердің 1 миллиардқа жуық тұрғыны әлі күнге дейін вакцина алмағанын атап өтті. 

"70-ке жуық елде вирус жұқтыру жағдайлары артуда. Бұл аймақтарда тестілеу көрсеткіштері күрт төмендеген болатын", – деді ол.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу