ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус Қазақстанды өз елі санайтынын айтты

741

Ол Қазақстанға оралуын үлкен мәртебе деп есептейтінін де жасырмады.

ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус Қазақстанды өз елі санайтынын айтты Фото: akorda.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Астанада өтіп жатқан алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі халықаралық конференцияда сөз сөйледі, деп жазады inbusiness.kz. 

"Құрметті құда, құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза! Қазақстанға оралу мен үшін үлкен мәртебе. Мен Қазақстанды өз елім деп санаймын", - деді  Тедрос Гебрейесус.

ДДСҰ басшысы "өзін Қазақстанның бір бөлігі" деп есептейтінін де жеткізді.

"Келінім – қазақ. Екі немерем де белгілі бір деңгейде қазақтар. Қазақстанды өзімнің бір бөлігі деп есептеймін, ал мен Қазақстанның бір бөлігімін", - деді ол.

Бұдан бөлек ол еліміздің медицина саласындағы жетістіктерін де атап өтті.

Айта кету керек осыған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы медициналық көмек қызметін үйлестіретін жаһандық коалиция құруды ұсынғанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу