ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус құдасы Жүрсін Ерманды құттықтады

1678

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус айтыс жанашыры Жүрсін Ерманды мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус құдасы Жүрсін Ерманды құттықтады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус Instagram-дағы парақшасына "Congratulations Zhursin Yerman Kuda! Құтты болсын, Жүрсін Ерман Құда!" деген жазба қалдырып, құттықтау тілегін видео арқылы арнады.  

"Құрметті Жүрсін құда! Мерейтойыңыз құтты болсын! Денсаулығыңыз зор болсын! Өмір ұзақ болсын! Құдалығымыз мәңгілік болсын!
Арбаса нәпсі-ыбылыс,
Алаңдай берем ұлып іш.
Көңілге неге сыймайсың
Көзіме сыйған құбылыс?!", – дейді Тедрос Гебрейесус.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымы басшысының Жүрсін Ерманға "Құрметті құда" деп қайырылуының себебін білу үшін биыл 70-ке толған ақынның өзіне Inform.kz тілшісі хабарласты.

"Менің бір жиенім Тедрос Гебрейесустің ұлына тұрмысқа шыққан. Өзім жиен қызым деймін, кіші қызымның қызы ғой енді. Қазір ол жиенім Женевада тұрады. Тедрос Гебрейесуске менің өлеңімді жаттатқызып, қазақша үйретіп жүрген сол жиен қызым ғой", – деп жауап берді Жүрсін Ерман.

едрос Аданом Гебрейесус Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының бас директоры қызметіне 2017 жылы тағайындалды. 2012-2016 жылдары Эфиопияның Денсаулық сақтау министрі болып қызмет етті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу