ДДСҰ COVID-19 қашан тарала бастағанына қатысты болжамын айтты

743

Ұйым өкілдері 14 қаңтарда Қытайға барған еді. 

ДДСҰ COVID-19 қашан тарала бастағанына қатысты болжамын айтты

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары COVID-19 Қытайда 2019 жылдың желтоқсан айына дейін таралған болуы мүмкін деген болжам жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап. 

Сарапшылардың айтуынша, 2019 жылдың қазан айында  Қытайдың орталық бөлігінде 90-ға тарта адам COVID-19-ға ұқсас белгілермен ауруханаға түскен.Қытай билігі бұл науқастардың үштен екісін антидене анықтайтын тесттен өткізген, бірақ олар коронавирустық инфекцияның белгілерін таппаған көрінеді. Қытайға барған ДДСҰ сарапшылары бұл жағдайда антиденелердің мөлшері анықталмайтын деңгейге дейін төмендеуі мүмкін деп санайды.

Сарапшылар тобы Қытай билігін Хубэй провинциясында 2019 жылдың күзінде жиналған қан үлгілерін кеңірек тексеруге үндеді. Олар осылайша вирустың нақты қай уақытта тарала бастағанын анықтамақ. 

Табиғат Нұрболат

Фото: bbc.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу