ДДСҰ: Covid-19 вирусын емдеуде Британия жетістікке қол жеткізді

599

16 маусымда бұл ел коронавирусқа қарсы дексаметазонды қолдануға рұқсат берді. 

ДДСҰ: Covid-19 вирусын емдеуде Британия жетістікке қол жеткізді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирус инфекциясын емдеуде Британияның ғылыми жетістікке қол жеткізгенін мәлім етті. Ұйымның сайтындағы мәлімет бойынша, бұл елдің ғалымдары Covid-19 инфекциясына қарсы дексаметазон деген препараттың тиімді екенін анықтаған.

Бұл дәрі жасанды тыныстандыру аппаратына қосылған науқастардың аурудан өліп кету қатерін 35%-ға, оттекпен тыныс алып жатқандардыкін 20%-ға азайтатын көрінеді.

Британия зерттеу жұмыстарының алдын ала нәтижесін ұйымға жіберген. Енді жақын арада ғалымдар деректерді толықтай ДДСҰ-ға тапсыруы тиіс. Ескере кететін жайт, 16 маусымда Британия үкіметі коронавирус инфекциясын емдеуде дексаметазонды қолдануға рұқсат берді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу