ДДСҰ: "Дельта +" штамының таралуына байланысты локдаун жариялануы мүмкін

941

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ресейдегі ресми өкілі жедел шаралар қабылдауға шақырды. 

ДДСҰ: "Дельта +" штамының таралуына байланысты локдаун жариялануы мүмкін

Коронавирусының жаңа "Дельта +"  штамының таралуы шұғыл әрекет етуді қажет етеді, шара қабылдамаған жағдайда локдаун енгізу қажет болады, деп хабарлайды inbusiness.kz РБК-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы YouTube желісіндегі "Соловьев Live" арнасының эфирінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Ресейдегі ресми өкілі Мелита Вуйнович мәлімдеді.

"Вакцинация және бетперде режимі, себебі "дельтаға" қарсы тек вакцина қолдану жеткіліксіз. Біз қысқа уақыт ішінде күш салуымыз керек, әйтпесе локдаун жариялауға тура келеді", – деді спикер.

Мелита Вуйновичтің айтуынша, халықты вакцинациялау қажет, себебі бұл вирустың таралу мүмкіндігін азайтады және індеттің ауыр түрінде өту ықтималдығын төмендетеді.

"Жалпы иммунитет пен әдеттерді өзгерту керек.  Бұл вирустың таралуын азайту үшін қосымша шаралар қажет болады дегенді білдіреді ", – деп атап өтті спикер.

ДДСҰ өкілі "Дельта+" штамына қатысты жағдай үрей тудыратынын жеткізді. Айтуынша вирустың таралу жылдамдығы өте жоғары.  

"Дельта" штамы көптеген жасушаларды зақымдайды, ол адамдарға  тезірек жұғуы мүмкін", – деп түйіндеді спикер.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу