ДДСҰ Газадағы Әл-Шифа ауруханасының науқастары мен қызметкерлерін эвакуацияламақ

355

Ұйымның делегациясы ғимарат жанында 80-нен астам адам көмілгенін жариялады.  

ДДСҰ Газадағы Әл-Шифа ауруханасының науқастары мен қызметкерлерін эвакуацияламақ Фото: Reuters

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Газа секторындағы Әл-Шифа ауруханасының барлық науқастарымен қызметкерлерін 24-72 сағат ішінде эвакуациялайтынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ДДСҰ мәліметі бойынша, қазіргі уақытта медициналық кешенде 25 қызметкер мен 291 науқас бар. Оларды Газада орналасқан Насер ауруханасы мен Еуропалық ауруханаға ауыстыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Құжатқа сәйкес, Әл-Шифадағы жағдай мүшкіл. Аурухана қабырғаларына оқ атылып қираған. ДДСҰ делегациясы ғимарат жанында 80-нен астам адам көмілгенін жариялады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу