ДДҰ: Індет қайта өршуі мүмкін

809

Арқаны кеңге салмаңдар, індет қайта өршуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус осындай мәлімдеме жасады.

 ДДҰ: Індет қайта өршуі мүмкін

Оның айтуынша, әлі көп елде эпидемия шарықтау шегіне жеткен жоқ. Алдағы уақытта Африка, Шығыс Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка елдерінде вирус кең таралуы ықтимал, деп хабарлайды Atameken Business. 

Осы өңірлерде жағдайы нашар халықтың көп екенін ескерсек, іс насырға шабуы мүмкін. Оның үстінде аталған аймақтардағы денсаулық сақтау саласы өте нашар. Қазір әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2 млн 627 мыңға жуықтап қалды. Барлығы 183 мың 283 адам қайтыс болған. Жазылып шыққандар саны 700 мыңнан астам.

Коронавирус кеселі әлем халқын абдыратып тастағаны белгілі. Барлық елде төтенше жағдай енгізіліп, халық уақытша жұмыс істемей, үйде отыр. Ал осындай қиын кезеңде шетелде жұмыс істеуге, ақша табуға кеткен отандастарымыздың жағдайы қалай?  Олар карантин кезінде не істеп жүр? Төтенше жағдайда кезінде оларды елге қайтаруға мүмкіндік бар ма ? Осы сұрақтардың жауабын білу үшін біз скайп арқылы еліміздің бірінші сыртқы істер министрі болған Төлеутай Сүлейменовпен байланыстық:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу