ДДСҰ Қазақстан үкіметіне халық "геноциді" үшін ақша берген жоқ

676

Қазнет қолданушылары биылғы жылы өлім-жітім статистикасы өскен жоқ, демек, БАҚ-та хабарланған COVID-19-дан болған өлім-жітім – жалған деп жазуда. Stopfake.kz ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

ДДСҰ Қазақстан үкіметіне халық "геноциді" үшін ақша берген жоқ

Фейк: "Өлім-жітім статистикасы Қазақстанда індет жоқ екенін көрсетеді"

 

Қазақстанда өлім-жітім статистикасы тоқсанына бір рет есептеледі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының сайтында осы жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейінгі кезеңдегі көрсеткіштер ұсынылған.

Ресми мәліметтерге сәйкес, биылғы жылдың қаңтарында, елімізде КВИ-дің бірінші жағдайы тіркелгенге дейін, өлім-жітім көрсеткіші 2019 жылдың қаңтарына қарағанда төмен болды. Ақпан, наурыз және сәуір айларында бұл үрдіс сақталды. Ал мамыр айында көрсеткіш өзгере бастады. Маусым айында 14 949 қазақстандық қайтыс болды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4 888 адамға көп. Шілдеде жағдай ушыға түсті – 28 178 адам көз жұмды. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 12 420 құрады. Тамыз айында 17 835 адам қайтыс болды, өткен жылдың тамыз айында бұл көрсеткіш 10 477 адамды құраған. Биыл қыркүйекте 13 627, өткен жылы 10 535 адам өмірден өткен.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, өлім-жітім көрсеткішінің артуы елдегі COVID-19 ауруының таралу кезеңімен тұспа-тұс келеді.

ДДСҰ Қазақстан үкіметіне халық "геноциді" үшін ақша берді деген мәлімдемелер ойдан шығарылған. Әлем елдерінде мұндай әрекеттер болмаған, оның үстіне бұл теорияның дұрыстығына ешқандай жанама дәлел де жоқ.

Демек, Қазақстанда COVID-19 індеті жоқ және өлім-жітім статистикасы өткен жылғы көрсеткіштерден артық емес деген мәлімдемелер негізсіз. Жалпыға қолжетімді деректер жағдайдың басқаша екендігін көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу