ДДСҰ коронавирустың алғаш қай жерден тарағанын жариялады

1046

Ұйым "вирус зертханада жасалды" деген болжамды зерттеуге лайық емес деп таныды.

ДДСҰ коронавирустың алғаш қай жерден тарағанын жариялады Фото: reuters.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеу тобының мүшесі Питер Дасзак коронавирус адамға жарғанаттардан, бірақ тікелей емес, жабайы аңдар фермасы арқылы жұққан деп санайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы CNN арнасына сілтеме жасап.

Сонымен қатар ол инфекция Қытайдың оңтүстігінен немесе Оңтүстік-Шығыс Азиядан таралған болуы мүмкін дегенді айтты.

"Вирус Оңтүстік-Шығыс Азиядан немесе оңтүстік Қытайдан келіп, жарғанаттардан жабайы аңдардың фермасы арқылы адамға жұққан деп ойлаймын", – деді Дасзак.

Еске сала кетсек, қаңтар айының ортасынан бастап Уханьда халықаралық зерттеушілер тобы жұмыс істеді. Олардың міндеті пандемияға не себеп болғанын анықтау болған еді. ДДСҰ тобының құрамына АҚШ, Аустралия, Германия, Жапония, Ұлыбритания, Ресей,  Катар және Вьетнамның вирусологтары мен басқа да сарапшылары енді. Делегация басшысы Бен Ембарек COVID-19 жануардан жұғуы ықтимал ықтимал екенін мәлім етсе, "вирус зертханада жасалды" деген болжамды зерттеуге лайық емес деп таныды.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу