Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың шығуына қатысты тергеуді қайта бастамақ, деп хабарлайды Inbusiness.kz The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап. Ол үшін ұйым жаңа қоздырғыштардың пайда болуын зерттейтін ғылыми кеңес тобын жинайды.
Шамамен 20 адамнан тұратын топқа зертханалық қауіпсіздік және биоқорғау мамандары, генетика және жануар аурулары жөніндегі мамандары кіреді. Олар Қытай мен басқа елдердегі жаңа айғақтарды іздестірмек. Сондай-ақ ғалымдар COVID-19 вирусының зертханадан шыққан-шықпағандығын анықтайды.
Ғылыми-кеңес тобы ДДСҰ-ға жаңа аурулардың пайда болу қаупін арттыратын адам іс-әрекетін анықтауға көмектеседі.
Бұған дейін Қытай ДДСҰ-ны пандемияның пайда болуын іздеу үшін АҚШ зертханаларын тексеруге үндеген еді. Қытайдың БҰҰ-ның Женева штаб-пәтеріндегі тұрақты өкілі Чэнь Сюйдің айтуынша, вирустың Уханьдағы вирусология институтынан шығуы екіталай.
Табиғат Нұрболат