ДДСҰ: маймыл шешегінен қауіп жоқ

584

Былтыр жарияланған төтенше жағдай режимі алынып тасталды  

ДДСҰ: маймыл шешегінен қауіп жоқ Фото: gov.kz

Маймыл шешегінен енді қауіп жоқ. Бұл туралы ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус жария етті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Төтенше жағдай режимі 2022 жылдың тамызында жарияланған. 

Жалпы індет тарағалы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына 110 елде 90 мыңға жуық адамның оны жұқтырғаны және 140 тұрғынның көз жұмғаны туралы ақпарат түскен. Маймыл шешегі, әсіресе, Орталық және Батыс Африка елдерінде қатты өршіді. Бұл ауруға шалдыққан науқастың дене қызуының көтеріліп, жүрегі лоқсып, бұлшық еттері ауырады және қышыма пайда болады. 

Бұған дейін Денсаулық сақтау вице-министрі, бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова Қазақстан маймыл шешегінің таралу қаупі төмен елдерге жататынын хабарлаған. Елімізде маймыл шешегі бірде-бір рет тіркелген жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу