ДДСҰ пандемияның қашан ауыздықталатынын айтты

4266

Гебрейесус 25 пен 59 жас аралығындағы адамдардың дертке шалдығу фактілері көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.

ДДСҰ пандемияның қашан ауыздықталатынын айтты Фото: reuters.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус пандемияның қашан ауыздықталатынын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Интерфакс" сайтына сілтеме жасап. 

"Бізде пандемияны бірнеше ай ішінде ауыздықтауға арналған құралдар бар. Егер оларды орынды қолданатын болсақ, коронавирусты бірнеше айда толықтай бақылауға аламыз", – деді ұйым басшысы.

Дегенмен Гебрейесус 25 пен 59 жас аралығындағы адамдардың дертке шалдығу фактілері көбейіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.Бұған дейін Гебрейесус жақын арада пандемияның шарықтау шегі болады деп  топшылаған еді. Ұйымның дерегінше, жуырда вирус жұқтыру мен дерттен қайтыс болу жағдайлары артады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылдың 11 наурызында жаңа коронавирус инфекциясының өршуін пандемия деп жариялаған еді. Осы күнге дейін әлемде 141 миллионнан астам адам вирус жұқтырып, оның 3,01 миллионы аурудан қаза тапты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу