ДДСҰ: сағыз бен газдалған су сатып аларда абай болыңыз

591

Олардың құрамында аспартам деген қатерлі ауруға душар қылуы мүмкін препарат бар.  

ДДСҰ: сағыз бен газдалған су сатып аларда абай болыңыз Фото: Ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аспартам деген жасанды тәттілендіргіш қатерлі ауруға душар қылуы мүмкін деп отыр. Аспартам – кәдімгі күнделікті дүкен сөрелерінен түспейтін газдалған сусындардан бастап түрлі сағыз құрамында бар екен, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Халықаралық ұйым өкілі Франческо Бранканың деректеріне сәйкес, бір топ америкалық зерттеуші өндіріс компаниялары аспартамды қанттың орнына жиі қолданылатынын жеткізген. Ғалымдар бұл зат, тіпті, қатерлі ісікке әкелетінін дәлелдеген. Адамдар оны күніне 40 мг-нан артық тұтынбауы тиіс, - дейді олар. Ал аспартамның адам денсаулығына қауіптілігін өндіруші компаниялар жоққа шығарып отыр.

Ғалымдардың дәйектері жеткіліксіз болғандықтан енді ДДСҰ және Азық-түлік, ауыл шаруашылығы ұйымдарының мамандарынан құралған комитет зерттеу-тексеру жұмыстарына кірісті.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу