ДДСҰ "Спутник V" вакцинасын күзде тіркеуі мүмкін

728

Қазіргі уақытта ресейлік вакцинаны 67 ел қолдануда. 

ДДСҰ "Спутник V" вакцинасын күзде тіркеуі мүмкін Фото: reuters.com

Коронавирус дертіне қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы күзде мақұлдауы мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz  Ресейдің тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриевтің мәлімдемесіне сілтеме жасап. ЕО реттеушісі де шамамен осы кезде екпені мақұлдамақ. 

"ДДСҰ біздің препаратты күзде тіркейді деп ойлаймыз", – деді Дмитриев.

Оның айтуынша, бұл рәсім қыркүйек немесе қазан айларында жүргізілуі ықтимал. Бірақ нақты мерзімін ұйымның өзі хабарлайды. 

"Қазір біздің вакцинаны тіркеген бірқатар елге препараттарды жеткізумен айналысып жатырмыз", – деді басшысы. 

Осы күнге дейін ресейлік вакцина 67 елде тіркелген. Оның өндірісі Венгрия, Бразилия, Қазақстан, Беларусь, Словакия, Аргентина, Үндістан, Оңтүстік Корея, Қытай, Германия, Италия және Египетте жүргізілуде. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу