ДДСҰ "Спутник V" вакцинасының қашан мақұлдануы мүмкін екенін айтты

1175

Препаратқа қатысты деректер ұйымға жіберілгеннен кейін тексеру процесі аяқталады. Ресейдің "Спутник V" вакцинасы 2022 жылдың басында мақұлдануы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz. 

ДДСҰ "Спутник V" вакцинасының қашан мақұлдануы мүмкін екенін айтты

Оның айтуынша, препаратқа қатысты құжаттар тексерілгеннен кейін ғана нақты шешім қабылданады. 

ДДСҰ және Ресейдің тікелей инвестициялар қорының өкілдері қараша айының соңында "Спутник V" екпесін мақұлдау мәселесін талқылау үшін кездесті. Сол кезде ұйым вакцинаның сапасы, қауіпсіздігі және тиімділігі туралы қосымша мәлімет сұрады. Деректер желтоқсан айының соңында жіберілгеннен кейін тексеру процесі аяқталады.

"Бұл саясат емес. ДДСҰ – ғылыми дәлелдерге негізделген ұйым. Вакцинаны бекіту процесі барлық өндірушілер үшін бірдей", – деді Клюге.

Бұған дейін ұйымның ресми өкілі Маргарет Харрис "бірқатар құжат тексеріліп жатқандықтан "Спутник V" екпесін тіркеу ұзаққа созылуда" деп мәлімдеген еді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу