ДДСҰ тұмауға қарсы дәрі өндірушілерге қатысты тергеу жүргізіп жатыр

470

Былтыр аталған сұйықтықтан жасы 5-ке толмаған 300-ге жуық бала қайтыс болған. Қазан айында Гамбияда 66 жеткіншек көз жұмды.  

ДДСҰ тұмауға қарсы дәрі өндірушілерге қатысты тергеу жүргізіп жатыр Фото: turkystan.kz

Осындай қайғылы оқиғалар Индонезия мен Өзбекстанда да тіркелді, деп жазады inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шикізатты жеткізгендер туралы қосымша ақпарат іздеп жатыр. Қатерлі препараттарда денсаулықа қауіпті заттардың мөлшерден тыс болғаны анықталған. 

"Сұйықтыққа өндірісте қолданылатын еріткіштер мен антифриздер ретінде қолданылатын улы химиялық заттар қосылған. Оны аз көлемде қабылдағанның өзінде өмірге тікелей қауіп төндіреді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осы аптада өз тергеуін бастады", - деп мәлімдеді ДССҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу