ДДСҰ жаңа штамға байланысты төтенше кездесу өткізеді

682

24 қарашада Оңтүстік Африка, Ботсвана және Гонконгта он адам В.1.1.529 штамын жұқтырғаны белгілі болды. 

ДДСҰ жаңа штамға байланысты төтенше кездесу өткізеді

26 қарашада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Оңтүстік Африка Республикасы, Ботсвана және Гонконгта табылған коронавирустың B. 1.1.529 деп аталатын жаңа штамына байланысты төтенше кездесу өткізеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Financial Times газетіне сілтеме жасап.

Бұған дейін ДДCҰ ғалымдар осы штамм вирусының 100-ге жуық генетикалық тізбегін жинады деп айтқан болатын. Алдын ала сараптама қорытындысы бойынша көптеген мутациялар анықталған.

24 қарашада Оңтүстік Африка, Ботсвана және Гонконгта он адам В.1.1.529 штамын жұқтырғаны белгілі болды. Ғалымдардың айтуынша, бұл штамм ең қауіпті саналады. Зерттеушілер қазіргі вакциналар COVID-19 вирусының осы түріне қалай әсер ететіні туралы нақты айтпады. Олар B. 1.1.529 штамы иммунитеті әлсіреген адам ағзасында пайда болды деп мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу