ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус пен министр Ажар Ғиният ҚазҰМУ-ға барды

653

Тедрос Гебрейесус ҚазҰМУ мұражайында оқу орнының тарихымен танысты.

ДДҰ бас директоры Тедрос Гебрейесус пен министр Ажар Ғиният ҚазҰМУ-ға барды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесус пен ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматыдағы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетіне барды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Университет ректоры Марат Шоранов Қазақстанның байырғы медициналық оқу орнының еліміздің денсаулық сақтау саласына және коронавирус пандемиясымен күреске қосқан үлесі туралы айтып берді.

Сондай-ақ ДДСҰ басшысы мен ҚР денсаулық сақтау министрі медуниверситеттің оқытушы-профессор құрамымен кездесіп, алғашқы медициналық-санитариялық көмек пен эпидемологиялық қызметтің даму трендтерін талқылады.

Өз кезегінде денсаулық сақтау министрі денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаның жалғасы болып табылатын және 2025 жылға дейін орындалатын нақты міндеттерді жүктейтін "Дені сау ұлт" әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау" ұлттық жобасының жүзеге асу барысы жайында әңгімеледі.

"Бүгінгі таңда Қазақстанда алғашқы медициналық-санитариялық көмекті, барша халыққа қолжетімді әрі сапалы медицинаны дамыту бойынша көптеген шара қолға алынды. "Дені сау ұлт" ұлттық жобасының барлық негізгі бағыттары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық және аймақтық деңгейдегі негізгі стратегиялық құжаттарындағы басым бағыттарымен үндеседі. ДДСҰ-мен серіктестіктің жарқын мысалының бірі – биыл наурыз айында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауданаралық көпбейінді аурухана базасында ДДҰС-ның алғашқы медициналық-санитариялық көмек бойынша демонстрациялық алаңының ашылуы", – деп атап өтті Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу