Мұндай мәлімдемені ол денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін кіші Томас Фрэнсис медалін алғаннан кейін жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"Осы жылы біз Covid-19 денсаулық сақтау саласындағы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай мен пандемия ретінде аяқталды деп айта алатынымызға сенімдімін", - деді Гебрейесус.
Ол пандемия жарияланғалы бері алғаш апта сайын тіркеліп жатқан қайтқандар саны азайғанын атап өтті. Оның айтуынша, қазір жағдай анағұрлым жақсарып, бір қалыпқа келді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу